2023-2024 жыл "Мектепке жол" акциясы
Мектепке жол» - жақсылық, жасауға мүмкіндік
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына колдау көрсету мақсатында елімізде 10 жылдан астам уақыттан бері «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді. Жылына бір рет 1 тамыз бен 30 кыркүйек аралығында өтетін акция биыл да өз жалғасын табуда. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Мектепке жол» акциясына жаңашылдық енгізілген болатын. Яғни бұл акция оқу жылы қарсаңында тек екі ай ғана емес, жыл бойы іске асады. 2023-2024 оқу жылында « Әлихан Бөкейхан атындағы №39 ЖОББМ» КММ бойынша шұғыл көмек қажет ететін оқушылардың тізімі жасалды. Аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 10 оқушыға «Ақ жол » партиясынан сумка , кеңсе тауарлары берілді.


2023 жылдың 11 қарашасында « Әлихан Бөкейхан атындағы №39 ЖОББМ» КММ ұстаздарының атынан азқамтылған отбасынан шыққан 4 оқушыға 3 етік және 1 куртка берілді.



