28
февраль
2025
«Заманауи білім - тиімді әдіс пен ұлттық құндылықтардың көрінісі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
«Абай облысы білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ-нің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 26 ақпан күні «Әлихан Бөкейхан атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде нысаналы мектеп педагогтері мен жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған «Заманауи білім - тиімді әдіс пен ұлттық құндылықтардың көрінісі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: білім берудегі құндылыққа негізделген заманауи әдіс-тәсілдердің жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша қолданылу ерекшеліктерін талдау, педагогтерді ғылыми-әдістемелік қолдау арқылы өзара іс-тәжірибе алмасу, кәсіби құзіреттіліктерін дамыту. Семинар барысында аталмыш мектеп мұғалімдері ұлттық құндылықтарды оқу пәндеріне кіріктірудің тиімді жолдары мен білім сапасын арттыруда инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын қолданудың ұтымды әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Семинардың тиімділігі мен мазмұндылығы семинарға қатысушылардың кері байланыс барысында бағаланды. Өткізілген барлық іс-шаралар өте жоғары деңгейде өтті.